Қазақстанда көлiктi белгiленген арнайы жерлерге ғана қою туралы бап алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 1 қаңтарда «Жол қозғалысы туралы» заңның кейбiр толықтырулары мен өзгертулерi туралы заң күшiне ендi.

Ол бойынша көлiктердi тек белгiленген арнайы жерлерге тұраққа қою туралы бап алынып тасталды.

Бұның алдында жол бойына көлiк қоюға тыйым салатын бап қоғам арасында үлкен пiкiрталас туғызған едi. Түрлi сарапшылар елде тұраққа қоюға рұқсат беретiн жерлердiң және тиiстi инфрақұрылымдардың аздығынан бұл баптың қисынсыз болатынын айтып, IIМ-не хат жазған болатын. Өз кезегiнде полицейлер оған жергiлiктi әкiмдiктер жауапты деген. Бұл заңнамадағы жалғыз өзгерту емес. Бұның алдында хабарланғанындай, 1 қаңтардан бастап, көлiктi басқаруға берiлетiн сенiмхат ендi керек емес болады. Сондай-ақ, техникалық байқаудан өткiзу талаптары өзгертiлдi. Жаңа көлiктер бұрынғыдай төрт жылдан кейiн емес, жетi жылдан кейiн техникалық байқаудан өтулерi тиiс.