Елімізде көлік саны 5,5 миллионға жетті — ІІМ

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Тәуелсіздіктің 34 жылында елдегі көлік саны 2,5 есе өскенін айтты. 

— Егемендік кезеңінде еліміздің автопаркі 2 миллионнан 5,5 миллионға дейін, яғни 2,5 есеге өскен, ал халық саны 3,5 млн адамға көбейген. Одан бөлек, ел аумағы арқылы 3 млн шетелдік автокөлік өтеді, — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Сондай-ақ, ол жол апатын тіркеу есебінің өзгергеніне қарамастан, жол апаты 75%-дан (1192-ден 2080-ге дейін) 51%-ға дейін азайғанын атап өтті.

— Ал көлік апатынан жарақат алғандар саны 91%-дан (1548-ден 2954-ке дейін) 63%-ға (16 049-дан 26 132-ге дейін) дейін төмендегенін байқап отырмыз. Биыл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын 8%-ға (1480-ден 1366-ға дейін) төмендеді, — деді комитет басшысы.

Еске салсақ, маусым айында елордадағы автобус апатының салдарынан бір баланың екі аяғы бірдей кесілген болатын.