Биылғы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасында 166 547 автокөлік құралы есепке қойылды. Бір айда тіркелген көлік құралдарының жалпы санының 87,5%-ын жеңіл автомобильдер, 5,6%-ын жүк автомобильдері, 2,6%-ын тіркемелер, 0,8%-ын автобустар, 0,7%-ын мотоциклдер және 2,7%-ын өзге де автокөлік құралдары құрады.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстандағы тіркелген көліктер саны 6,1 миллионға жуықтады.
Оның 5,1 миллионын немесе 83,9%-ын жеңіл автомобильдер құрайды. Сондай-ақ елде 496,1 мың жүк көлігі, 263,9 мың тіркеме, 89,5 мың автобус пен шағын автобус және 75 мың мотоцикл тіркелген.
Өзге де автокөлік құралдарының саны 58,7 мыңға жеткен.
Тамыз айында есепке қойылған жеңіл автомобильдердің құрылымында ең жоғары үлесті шығарылғанына 20 жылдан асқан автомобильдер құрады — 28%.
Тамызда есепке қойылған жеңіл көліктердің арасында 20 жылдан асқан автомобильдер ең көп болды — 46 610 немесе 28%.
Одан кейін 3 жылға дейінгі көліктер — 40 513 (24,3%), 10-20 жыл аралығындағы автомобильдер — 39 646 (23,8%) болды.
Ал 3-7 жылдық көліктердің саны 12 986 (7,8%), 7-10 жылдықтары 6 011 (3,6%) болды.
Өңірлер бөлінісінде шығарылғанына 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдер Алматы облысында — 6 254, Жамбыл облысында — 4 643 және Түркістан облысында — 4 559 тіркелді.
Бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру 22,3%-ға артқанын жаздық.