Қазақстанда көлік жуу қызметі қанша
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде көлік жуу, тазалықшылардың қызметіне жүгіну қызметі орта есеппен 3000 теңгеге шығып тұр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Рейтинг жасаған кезде көліктің сыртын жуу қызметіне мән бердік. Ең арзаны жеңіл көлік болса, әрі қарай көліктің көлеміне қарай баға өсе береді. Көлік жуу қызметінде «ГАЗель» автокөлігін жуу бағасы жоғары.
Ең арзан қызмет Атырау қаласында болып шықты. Мұнда жеңіл көлікті 900 теңгеге жууға болады. Ал Екібастұзда баға 1200-3600 теңге аралығында болып тұр.
Еліміздің оңтүстік астанасында да баға қолжетімді болып тұр. Мұнда көлік жуу құны — 1500-4500 теңге. Айтып өтейік, Алматыда көлік жуу орталығы көп және қызмет құны қымбат емес.
Ал Петропавл мен Оралда қызметтің бұл түрі 1900 теңгеден басталады. Бұл қалаларда көбіне баға 2000 теңге болып тұр. Павлодар, Семей, Ақтау, Түркістан мен Талдықорғанда да осы бағаға көлік жууға болады.
Өскеменде ең арзан қызмет түрі — 2100 теңге. Ал ең қымбаты — 4500 теңге. Одан кейін Қостанай қаласы тұр. Бұл қалада көлік жуу қызметінің құны 2200 теңге. Ал Көкшетауда одан 100 теңгеге қымбат. Мұнда қызмет түрі 2300-4700 теңге болып тұр.
Қарағанды мен Жезқазғанда баға біркелді. Көлік жуу қызметінің құны — 2400-4500 теңге. Одан кейінгі орында Ақтөбе тұр. Қалада баға 2500-8000 теңге аралағында.
Екінші орында Қызылорда мен Шымкент қалалары тұр. Мұнда көлік жуу қызметі 3000 теңгеден басталады. Ал ең қымбаты Тараз бен Астана қалалары. Мұда көлікті 3500 теңгеден жудыруға болады.
Қазақстандағы орталықтар көліктің сыртын жуып қана қоймай, кешенді тазалауды да ұсынады. Мәселен «кузов+салон» қызметінде баға екі есеге өседі. Сонымен бірге жүк салғышты, кілемшені жуады. Екі қайтара, үй қайтара жуу қызметі 12-15 теңгеге дейін барады.
Сонымен бірге елімізде көлікті өзің де жуып аласың болады. Мұндай қызмет 500 теңге тұрады.
Бұған дейін еліміздің өңірдерінде құрылыс материалының бағасы қанша екені жазылды.
Сонымен бірге фитнес-орталық абонементінің, сүндеттеу қызметінің бағасын білдік.