ҚР Ұлттық банкі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2018 жылдың желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда 8,5 пайызға, ал жалпы 2017 жылдың көрсеткішпен 16,1 пайызға, яғни 2,26 трлн теңгеге дейін артты.
Қолма-қол ақша мен өтімді теңгелік депозиттер енетін М1 ақшалай агрегаты өткен айда 10,9 пайызға (2018 жылдың басынан бастап 12,8 пайызға), яғни 5,605 трлн теңгеге дейін артқан. Ал қолма-қол ақшаны, барлық теңгелік және өтімді валюталық депозитті қамтитын М2 индикаторы 3 пайызға ( 7,1 пайызға), яғни 14,467 трлн теңгеге дейін өскен.
Ақшалай масса 4,6 пайызға ( 7 пайызға) - 20,813 трлн теңгеге дейін көбейген. Ақшалай база немесе ҚР Ұлттық банктің ақшасы өткен жылдың желтоқсан айында 11,1 пайызға (2017 жылдың желтоқсанынан бері 20,1 пайызға) артқан. Жалпы, ақшалай база 4,3 пайызға ( 16,2 пайызға) - 5,995 трлн теңгеге көбейген.
ҚР Ұлттық банкінің есебіндегі екінші деңгейлі банктер мен өзге де ұйымдардың депозиттерінің мөлшері 13,3 пайызға ( 22,9 пайызға) - 4,032 трлн теңгеге ұлғайған.