Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 2 еседен астам өсті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың бірнші жартыжылдығында Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 2 еседен астам өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

«2019 жылдың қаңтар-маусымында қолма-қол ақшасызесеп айырысу көлемі жыл ішінде 2 еседен астамға өсіп, 4,8 трлн теңгені құрады.Ал осы кезеңдегі транзакциялар саны 192,8 миллионнан 460,3 миллионға дейінартты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің сомасы 2,2трлн теңгені құраған еді», - де жазады портал.

2018 жылдың ішінде интернет арқылы бөлшек саудакөлемі 144,6 млрд теңгені құрап, бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 1,4пайызға тең болды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше,сауда-саттықтың шамамен 40 пайызы әлі де көлеңкеде қалып отыр, яғни салықсалынбайды. Сауданы көлеңкеден шығару тетіктерінің бірі – саудаинфрақұрылымдарын, оның ішінде сауда базарларын жаңғырту. Мәселен, тұрақсыз базарлардың барлығын кезең-кезеңімензаманауи сауда форматына көшіру жоспарланған.

Көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы бойынша дажұмыс жүргізіліп жатыр. Бұған қоса, ведомство электронды коммерция саласындамыту бойынша жұмыс жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар