«Ауа райының суытуымен бірге көмірге сұраныс та артып келеді. Шамамен қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында күн суытады деген болжам бар. Тиісінше, көмір бағасы да өсуі мүмкін», - деді Ілияс Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Дегенмен спикер көмірдің 1,5-2 есеге дейін күрт қымбаттамайтынын ескертті. Қандай да бір өңір көмір өндіретін орыннан алыс орналасса, қатты отынның құны да арта түспек.
«Қазіргі уақытта бір тонна көмірдің орташа бағасы 9-дан 14 мың теңгеге дейін жетеді. Кей облыстар мысалы, Қарағанды, Павлодар облыстары көмірді разъездерден тікелей алғандықтан 7-8 мың теңгеге алады», - деді Ілияс Оспанов.
Комитет төрағасының айтуынша, оңтүстік өңірлерде көмір қымбатқа сатылады.
Бұған дейін Ілияс Оспанов Қазақстанда жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын айтқан еді.