Қазақстанда кондоминум нысандарының жалпы мүлкін күтіп ұстау шығындарын есептеу әдістемесі әзірленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кондоминум нысандарының жалпы мүлкін күтіп ұстау шығындарын есептеу әдістемесі әзірленді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

«Біз кондомиум нысандарының жалпы мүлкін күтіп ұстау шығындарын есептеу әдістемесін және жалпы мүлік пен кондоминиум нысандарын күтіп ұстау бойынша шығыстардың құрылымдағы шараларға шығындардың базалық үлесін анықтадық», - деді Қ.Өскенбаев.

Вице-министрдің атап өтуінше, бұл әдістеме Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен тіркелген. Аталған құжатқа сәйкес, шығыстар былай бөлінуі тиіс. Кондоминиум нысандарын басқару органыың басшысы мен қызметкерлеріне - 25 пайызы, кеңсе тауарлары мен, оргтехникаға және оған қызмет көрсетуге, - 5, залалсыздандыру қызметтеріне - 6, өртке қарсы қызметтер мен басқа да шараларға - 5, көгалдандыру және оларды күтіп ұстауға - 5, қоқыс құбырларын санитарлық тазалауға - 5, тұрғындардың ортақ пайдалантын орындарды тазалауға - 4, орталықтандырылған сумен және жылумен қатмамасыз ету жүйелеріне қызмет көрсетуге - 15, апатты жағдайларды жоюға - 10, ағымдық жөндеу жұмыстарына, - 10, жалпы үйге арналған есептеу құрылғыларын орнатуға - 5, жалпы үйге арналған есептеу құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуге - 5 пайыз жиналған қаржы жұмсалуы тиіс.

«Ең бірінші кезекте біз сіздердің ақшаларыңызды бір жүйеге келтіреміз. Яғни, сіздер өздеріңіз бөлеген қаржының қайда кететіндігін анық білуге тиіссіздер», - деді ол.