Қазақстанда Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығудың алдын алу іс-шаралары басталды

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Көктемгі-жазғы мезгілдің басталуына тұрғындардың Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығудың алдын алу  іс-шаралары басталды.

Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ағымдағы жылы кенеге қарсы залалсыздандыру жүргізуге 614,5 млн. теңге бөлінді.

1 сәуірден бастап профилактикалық іс-шаралардың іске асырылуына апта сайынғы мониторингі жүргізіледі.

«Осыған байланысты азаматтарға, КҚҚБ-ның алдын алудың мынадай негізгі шараларын еске салғымыз келеді: табиғатта болған кезде, міндетті түрде арнайы киімді пайдаланыңыз, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салыңыз, жеңнің және жағаның түймелерін тағыңыз, бұл кененің шағуын болдырмауға көмектеседі;  егер шаққан кенені анықтаған болсаңыз, дәрігерлік көмекке жүгініңіз, бұл КҚҚБ ауруынан аман қалудың кепілі», - делінген ведомство ақпаратында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды безгек ауруынан еркін ел деп таныды. Бұл шешімді мәлімдеген ДДҰ-ның Бас директоры Маргарет Чен Қазақстанның безгек ауруынан еркін ұлттық аумағын ұстап тұрудағы жетістігін және республика Үкіметінің ұстанымын жоғары бағалады.