Қазақстанда конституциялық реформаның үшінші кезеңі басталды - сарапшы
«Саяси процесс кезеңдік теория сәйкес дамиды. Бізде Қазақстан саясаты дамуының белгілі бір кезеңі өтті. Еліміздегі конституциялық процестің де өзіндік тарихы бар. Өйткені Конституцияға түзетулер алған рет енгізіліп отырған жоқ қой»,- деді Булуктаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбаты барысында.
Ғалым 1998 жылы саяси жүйені демократияландыру мақсатында Конституцияға түзетулер енгізілгендігін еске салып өтті. Ол кезде алғаш рет партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына партиялардың қатысуына рұқсат берілді. Сол уақытта партияларға 10 орын ғана бөлінген еді. Дегенмен, бұл демократиялану бағытындағы қадам болды. 2007 жылы Конституцияға жаңа, барынша негізді түзетулер топтамасы қосылды. Түзетулер демократиялық процестерді тереңдете түсуді көздеді. Мәжіліске сайлаудың толықтай пропорционалды жүйесі енгізілді. Сол уақыттан бері Мәжіліс партиялық тізіммен жасақталады. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы өз депутаттарын ұсынады.
Юрий Булуктаевтың атап өтуінше, Қазақстандағы конституциялық реформалардың әрбір кезеңі шаамен 10 жылды қамтиды. Енді уақытта Мемлекет басшысы ел дамуының жаңа кезеңі басталатындығын жария етіп отыр. Осыған байланысты билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге негізделген жаңа түзетулер топтамасы Конституцияға енгізілмек. Ал Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы экономикалық сипатқа ие болғанымен констиуциялық реформалармен түйіндеседі.
Сарапшының айтуынша, толықтай алғанда конституциялық реформа билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталған. Бірақ, бұл конституциялық құрылым мен саяси режімнің негізіне қатысы бар дегенді білдірмейді. Қазақстан басқарудың президенттік формасындағы республика болып қала береді. 26 ақпанда аяқталатын талқылаудан кейін Конституцияға түзетулер топтамасы Парламент қарауына енгізіледі.