«Тұжырымдама, ең біріншіден, Шығыс Еуропа елдерінің, оның ішінде Польша, Словакия, Шығыс Германияның, сонымен қатар Балтық елдерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудағы жемісті тәжірибесін терең талдауға, екіншіден Қазақстан өңірлеріндегі үйлерді жаңғыртудың оң үлгілері мәліметтеріне негізделген», - деді ол.
Басқарма төрағасының атап өтуінше, шетелдік мемлекеттердің басым бөлігі, мәселен, Франция, Нидерланды, Канада, Польша, АҚШ, Словакия, Чехия, Мексика, Сингапур, Малайзия сынды елдер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын басқаруды кәсіпкерлік қызметтің жеке бір саласы ретінде қарастырады. Яғни, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер нарығы басқарушы компанияларға белгілі талаптар жүктейді. Ал оны орындамау компанияның бәсекеге қабілетсіздігін білдіреді. Бұл бағыттағы тәжірибе елімізде де бар. Мәселен, өткен жылы елордада Күйші Дина көшесіндегі 37-ші үйді жөндеу жобасы жүзеге асырылды. Аталған жобаны жүзеге асыру барысында екі мақсат, атап айтқанда, басқарудың жаңа моделін қалыптастыру және терможаңғырту элементтерімен үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген еді.
«Бақсарушы компанияның құрылғандығын әрі тиімді жұмыс істеп жатқандығын мәлімдей аламын. Қазіргі күні тұрғындар жылуға 40-60 пайыз, ал ыстық сумен жабдықтауға 18-20 пайыз аз төлейді», - Т.Рахымбеков.