деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұған дейін екі тарап кездесіп, әріптестік туралы меморандумға қол қойған болатын. Онда бірнеше біріккен жобаларды жүзеге асыру көзделген. Бұл жобалардың алғашқысы бірлескен телесериалдар түсіруді қазақстандық тарап меморандумға қол қою барысында ұсынған. «Алғашқы кездесу барысында біз Қазақстанға жер аударылған кәріс отбасының өмірі туралы телесериал түсіруді кореялық әріптестерімізге ұсынған болатынбыз. Бұл бағытта қазақстандық режиссерлер Лаврентий Сонның сценарийі негізінде көркем фильм түсіруді бастап кетіпті. Бірақ біз бұл бағытта өз ойымызды жүзеге асыруға талпынамыз», деді «Арна медиа» ұлттық ақпарат холдингінің басқарма төрағасы Ерлан Байжанов.
Кореялық «JM Net» медиахолдингінің вице-президенті Ким Су Гияның айтуынша, бұл бағытта сценарий дайындау, актерлерді таңдау сияқты бірқатар дайындықтар керек. Екі тарап бұл бағытта екі жақ мамандарының қатыстырылуымен арнайы кездесетін болып келісті. Ал Қазақстан тарапы ұсынған «Арна медиаға» қарасты компаниялардың мамандарын тәжірибеден өткізуге кореялық қонақтар дайын екендіктерін білдірді. «Біз қазақстандық мамандарға жаңа технологиямыз бен мамандарымыздың тәжірибесін үйретуге дайынбыз», деді Ким Су Гия. Ол сондай-ақ бірлескен журнал шығаруды да қолдап, жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
«Біздің мегахолдингтің басшылығы Қазақстан мен Корея арасындағы әріптестікті жақсы бағалайды. Біз үшін Орталық Азия елдерімен, әсіресе Қазақстамен жұмыс істеу өте маңызды», деді Ким Су Гия.