Бұл шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы мен ақынның биылғы 130 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Семей қаласының әкімі Е.Салимов, Ресей Федерациясының Қазақстандағы бас консулы С.Анненков, сондай-ақ Бүкіләлемдік татарлар конгресінің жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Айта кету керек, Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) небәрі 26 жыл өмір сүріп, құнды мұра қалдырған, әдеби татар тілінің негізін қалаушы ақынның мерейтойына арнап бірқатар шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, TWESCO мен Татарстан Республикасы Ғылым академиясы бірлесіп, 25 сәуірде Қазан қаласында «Ғабдолла Тоқай және Түркі дүниесі» атты халықаралық конференция өткізді. Сонымен қатар, ақынның шығармашылығына арналған 2 кітапты: қазақ және татар тілдеріндегі «Ғабдолла Тоқай. Өлеңдері» және «Тұғырлы тұлғалар» сериясымен шыққан «Ғабдолла Тоқай тағылымы» атты мақалалар жинағын жариялап басқан болатын.