4 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 4 981 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жүр.
Жалпы науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың аса ауыр халде деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Еске сала кетсек, кеше елімізде 177 адам коронавирус індетінен жазылды.