Онда тараған ақпараттарға қарағанда, бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы ем алып жатқандардың арасында 37 сәби бар. Стационарларда 2 306 науқас жатыр, 2 251 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 22 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.