26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 148 жағдайы анықталды, қайтыс болды – 7 адам.
Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 994 дерегі тіркелді. Қайтыс болды – 5 260 науқас.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 17 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 12 558.
2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 204 769 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 13 194 адам.
Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі мәліметі бойынша, елімізде коронавирус пен коронавирус пневмониясынан 15 адам қайтыс болған еді.