ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналының мәліметтеріне қарағанда, өткен тәулікте елімізде коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды. Оған қоса 21 адам емделіп шықты.
2020 жылдың 13 наурызынан бері ауырғандар – 88114 адамды құрады, 5337 адам қайтыс болып, жазылып шыққандар саны 81663-ке жетті.