Қазақстанда коронавирус пневмониясынан тағы 5 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 сәуір күнгі мәлімет бойынша, елімізде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 112 дерегі және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты. ҚазАқпарат бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1 тамыздан барлығы: коронавирус пневмониясына шалдықты – 52 739, қайтыс болды – 791, жазылып шықты – 51 460 адам.