Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1 компонентін 110 мың адам алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1 компонентін 110 мыңнан астам адам алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

«2021 жылдың 26 наурызындағы халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау жайында ақпарат:
Вакцинаның 1 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 110 861 адам.
Вакцинаның 2 компонентін қабылдағандардың жалпы саны – 25 318 адам», делінген хабарламада.