«Стационарларда 5 795 пациент бар. Оның 85 пайызының жағдайы қанағаттанарлық. 12,8 пайызының жағдайы – орташа дәрежеде. 119 адам жансақтау бөлімінде», - деді Ләззат Ақтаева Денсаулық сақтау министрлігінің «Министрлік хабарлайды» айдары бойынша Facebook-тен сөйлеген сөзінде.
Вице-министрдің мәліметінше, бүгінге дейін 9 388 адам жазылып, үйіне қайтқан. Бір тәуліктің ішінде 200 пациент оңалған.
«Жұқтыру өсімі өткен аптада Ақтөбе облысында 3,6 есе, Қарағанды облысында 2,8 есе, Атырау облысында 2,5 есе, СҚО-да 2,4 есе, Шымкент қаласы мен Ақмола облысында 2 есе өскен. Басқа өңірлерде 2 еседен аз мөлшерде кездесті», - деді Ләззат Ақтаева.
Ләззат Ақтаеваның айтуына қарағанда, бір тәулікте Қазақстанда 23 647 тест жүргізілген.
Айта кетсек, бұған дейін Ләззат Ақтаева қазақстандықтардың жедел жәрдем қызметін жиі шақыра бастағанын мәлім еткен болатын.