«Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырған азаматтардың 60 пайызы емделу үрдісін жеңіл және ауру белгісі жоқ күйде өткеруде. 13 адам ауырлығы орташа күйде, 21 адам ауыр күйде жатыр. 6 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша инфекция ошақтарынан коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 39 585 адам анықталған.
«Оның ішінде 38 693 адам (немесе 98 пайызы) анықталып, оқшауланды. Жалпы соңғы аптада инфекцияны жұқтыру деңгейі 10 пайыз деңгейінде болған еді. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 8 пайызды көрсетті. Жекелеген өңірлерде инфекцияның таралу деңгейі 20-60 пайыздық деңгейде», - деді ол.