Өкпесінің 40 пайыз зақымдануымен модульдік ауруханаға түскен 70 жастағы Сәуле Жолдыбаева медицина қызметкерлерінің көмегімен дертіне дауа тауып, ауруынан құлан таза айығып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал еліміздің басқа өңірлеріндегі ахуал қандай?!
Түркістан облысында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өңірде инфекциялық стационарларда 809 төсек-орын жасақталған, дегенмен қазіргі уақытта барлығы бос, өйткені COVID-19 диагнозымен ауырған бірде-бір науқас жоқ.
Еліміздің батыс аймағындағы ауру жұқтыру көрсеткіштері де қалыпты. Ақтөбе облысының инфекциялық стационарында 5 науқас емделіп жатыр, Батыс Қазақстан облысында-3, Маңғыстау облысында - 6 науқас ем қабылдап жатыр.
Қызылорда облысында 10 пациент, Шымкентте – 12, Ақмола облысында – 14, Павлодар мен Қарағанды облыстарында- 26, Нұр-Сұлтанда- 30, Жамбыл облысында – 35, Шығыс Қазақстан облысында – 40, Солтүстік Қазақстан облысында – 38, Алматы қаласында - 49 адам стационарлық ем қабылдап жатыр. Емделушілердің ең көбі Алматы облысының ковидтік ауруханаларында жатыр – 88 науқас.
Коронавирус инфекциясынан қорғанудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алу.
«Егер әрбір азамат ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін вакцинация қарқынын төмендетпей, ревакцинациядан уақытылы өтуді жалғастыратын болса, ауруханаларында бірде-бір науқас қалмаған Атырау мен Түркістан облыстарындағыдай жағдай еліміздің өзге де аймақтарында қалыптасуына үлес қосқан болар еді.