Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасын 868 853 жасөспірім салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 19 шілдеде Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 540 374 адам, 2 - ші компонентін 9 322 766 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтерінше , 2022 жылғы 19 шілдеде «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 230 166 адам, ІІ-ші дозасын 1 171 601 адам салдырды.

Оның ішінде: І-ші компонентін 868 853 жасөспірім, 41 269 жүкті әйел, 145 064 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ-ші компонентін 847 255 жасөспірім, 38 833 жүкті әйел, 139 693 бала емізетін әйел салдырды.