«Қаржы үкіметтік резервтен бөлінді. Осы орайда коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады», - деді ол Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар Ә. Смайылов бұл бағытта қанша қаржы ескерілгенін айтты.
«Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.