«Өздеріңіз білесіздер, коронавирусқа қарсы вакцина әлі дайын емес. Оған әлі бірталай уақыт бар. Сәйкесінше, бұл вакцинаның бағасы қандай болатыны белгісіз», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның сөзіне қарағанда, болжамдар бойынша вакцина құны тұмауға қарсы екпенің бағасымен бірдей болуы мүмкін.
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина 2200 - 4500 теңге аралығында болатынын бұдан бұрын хабарлаған едік.
Сондай-ақ айта кетейік, бүгінде коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in» қазақстандық вакцинасының клиникалық сынағына қатысуға 627 адамнан өтінім түсті.