Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 6 969 069-ға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 6 969 069 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал вакцинаның II компонентін салдырғандар саны 5 795 901 адамды құрап отыр.