Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Комиссияның деректері бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 194 151 адам салдырған.
Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 976 746 адам, ІІ-ші дозасын 846 887 адам салдырған.
Оның ішінде: І-ші компонентімен 792 218 жасөспірім, 36 363 жүкті әйел, 129 718 бала емізетін әйел салдырса, ІІ-ші компонентін 705 269 жасөспірім, 30 827 жүкті әйел, 109 729 бала емізетін әйел салдырды.