«Қазіргі кезде вакциналау Қазақстан азаматтарына, елде тұруға ықтиярхаты бар және ел аумағында тұрақты тұрып жатқан адамдарға тегін жүргізіледі», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, ақысыз вакциналау шетелдіктердің кейбір санаттарына ұсынылады.
«Бұдан бөлек, кеше коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысында тиісті шешім қабылданды. Осы орайда ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету үшін ел ішінде үш айдан астам уақыт жүрген шетелдік студенттер мен еңбек мигранттары ақысыз екпе алады», - деді А. Цой.