«Коронавирусқа шалдығу өсімімен қатар пневмонияның ауыр жағдайларының саны да артып келе жатыр. Егер наурыз-сәуірде жансақтау бөлімшелерінде өте ауыр жағдайдағы 30-35 пациент болса, бүгінде реанимация бөлімшелерінде 125 пациенттің жатқандығын айта аламыз. Олардың ішінде 2 пациент өкпені кстракорпоральды оксигенациялау аппаратын қолданып жатыр. Бұл ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық қызмет саналады»,- деді Ләззат Ақтаева Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Бұған дейін ол, дәрігерлер өте ауыр хәлде жатқан 322 пациенттің бетін бері қаратқанын айтқан еді.