Қазақстанда коронавируске қарсы вакцинаның І компоненті 9 461 797 адамға салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 461 797 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 461 797 адам, 2-ші компонентін 9 190 269 адам салдырды» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 7 сәуірдегі көрсеткіш бойынша «Pfizer» вакцинасының І компоненті мұнша адамға егілді:

Жасөспірімдер – 790 039,

Жүкті әйелдер – 36 272,

Бала емізетін әйелдер – 129 302.

ІІ-ші компанентімен

Жасөспірімдер – 701 107,

Жүкті әйелдер – 30 654,

Бала емізетін әйелдер – 108 907 адам.