Қазақстанда коронавируспен ауырған 130 пациенттің жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавируспен ауырған 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

17 қарашадағы мәлімет бойынша, елімізде 32 622 адам коронавирус инфекциясынан (–27 882 және 4 740 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 611 пациент стационарда, 26 011 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: 504 адамның жағдайы ауыр, 130 пациенттің жағдайы өте ауыр, 86 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.