Қазақстанда коронавируспен ауырған 265 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 265 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 қаңтардағы мәлімет бойынша, 27 403 адам короновирус инфекциясынан (15 787 КВИ және 11 616 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 430 пациент стационарда, 20 973 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
265 адамның жағдайы ауыр;
61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
43 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.