Қазақстанда коронавируспен ауырған 28,5 мың науқас стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі короанвирустан емделіп жатқандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 тамыздағы мәлімет бойынша 123 226 адам коронавирус инфекциясынан (117 339 КВИ және 5 887 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 577 пациент стационарда жатыр, 94 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 824 адамның жағдайы ауыр, 555 пациенттің жағдайы өте ауыр, 267 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.