Қазақстанда коронавируспен ауырған 365 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируспен ауырған 365 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2 сәуірдегі мәлімет бойынша, 26 095 адам короновирус инфекциясынан (24 512 КВИ және 1 583 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 098 пациент стационарда жатыр, 16 997 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 365 адамның жағдайы ауыр;
• 90 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 56 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.

31 наурыздағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирустан 14 адам көз жұмған. Оның 12-сі КВИ , екеуі короанвирус инфекциясының белгісі бар пневмония.

Еске сала кетсек, 20 наурызда елімізде коронавирус жұқтырған 250 адамның жағдайы ауыр екені хабарланды.