«Қазақстанда коронавирус инфекциясына қайтадан шалдығу оқиғалары тіркелмеді. Әлемнің бірнеше елінде осындай жағдай анықталған еді. Бізде мұндай жағдай тіркелмеді және алдағы уақытта болмайды деп үміттенеміз. Дегемен вирус өте жұқпалы», - деді вице- министр онлайн баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, індеттен емделіп шыққандарда тұрақты иммунитет түзілетіні туралы нақты зерттелген мәліметтер жоқ.
Осы орайда ол адам инфекцияны қайтадан жұқтырса, онда науқас емделуге жатқызылатынын атап өтті.