Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 7737-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 7737-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласында - 145, Алматы облысында - 9, Шығыс Қазақстан облысында - 5, Жамбыл облысында - 9, Батыс Қазақстан облысында – 5, жалпы 180 адам коронавирустан емделіп шықты.

Бүгінге дейін коронавирус диагнозы барлығы 12 859 адамға қойылды, оның ішінде жазылғандар саны - 7737. Қайтыс болды - 56 науқас.