«Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режимде өткен брифингте.
«Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», - деді министр брифингте.