Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 121 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 ақпандағы мәлімет бойынша, 39 556 адам коронавирус инфекциясынан (–38 401+ және 1 155 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқанардың ішінде ішінде 5 269 пациент стационарда, 34 287 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 289 адамның жағдайы ауыр,

• 121 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 92 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.