Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 143 науқастың жағдайы өте ауыр
08:45, 07 Шілде 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7 шілдедегі мәлімет бойынша 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (32 876 КВИ+ және 1 313 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
710 адамның жағдайы ауыр,
143 пациенттің жағдайы өте ауыр,
75 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.