Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 144 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 6 шілдедегі мәлімет бойынша, 33 029 адам коронавирус инфекциясынан (–31 703 + және 1326 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 10 041 пациент стационарда, 22 988 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 623 адамның жағдайы ауыр,

• 144 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 76 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.