Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 164 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 қаңтардағы мәлімет бойынша, 151 727 адам коронавирустан (–150 383+ және 1 344 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың ішінде 10 571 пациент стационарда, 141 156 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 406 адамның жағдайы ауыр,

• 164 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 88 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.