Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 166 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 мамырдағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 30 872 адам коронавирус инфекциясынан (30 297 КВИ+ және 575 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Науқастардың 11 724-і стационарда, 19 148-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 682 адамның жағдайы ауыр,

• 166 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 100 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.