Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 227 науқастың жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 3 қазандағы мәлімет бойынша, 59 458 адам коронавирус инфекциясынан (–51 373 + және 8 085 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Емделіп жатқандардың ішінде 10 147 пациент стационарда, 49 311 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 753 адамның жағдайы ауыр,

• 227 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 142 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.