Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда короновирустан емделіп жатқан 230 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«10 наурыздағы мәлімет бойынша, 18 476 адам короновирус инфекциясынан (13 730 КВИ және 4 746 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 555 пациент стационарда, 13 921 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 230 адамның жағдайы ауыр;
• 56 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», делінген хабарламада.