Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 523 адамның жағдайы өте ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 22 тамыздағы мәлімет бойынша, 123 773 адам коронавирус инфекциясынан (–117 885 + және 5 888 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың ішінде 29 856 пациент стационарда, 93 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ , КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 927 адамның жағдайы ауыр,

• 523 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 249 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.