Сoronavirus2020.kz сайтындағы соңғы ақпаратқа сәйкес, елімізде тағы 24 адам коронавирус індетінен емделіп шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 4, Шымкент қаласында - 2, Қарағанды облысында - 11, Қызылорда облысында - 3, Ақмола облысында - 3, Маңғыстау облысында 1 адам.
Қазақстанда індеттен жазылғандардың жалпы саны - 798 адам:
Нұр-Сұлтан қаласы – 225
Алматы қаласы – 102
Шымкент қаласы – 31
Ақмола облысы – 63
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 60
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Жамбыл облысы – 43
Батыс Қазақстан облысы – 9
Қарағанды облысы – 57
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 114
Маңғыстау облысы – 8
Павлодар облысы – 3
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 29
Осы уақыттағы мәлімет бойынша, елімізде коронавирусқа 3078 адам шалдықты. Қайтыс болды 25 адам.