Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 9700-ден асты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 7 өңірінде коронавирус инфекциясынан 90-ға жуық адам жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде тағы 87 адам коронавирустан емделіп шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 47,

Шымкент қаласында - 22,

Ақтөбе облысында - 3,

Атырау облысында - 6,

Қызылорда облысында - 4,

Түркістан облысында - 2,

Маңғыстау облысында - 3.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індеті жалпы 15542 адамнан анықталды, Оның ішінде жазылғандар саны - 9716. Қайтыс болды - 88 науқас.