Қазақстанда коронавирустық пневмония бір тәулікте 730 адамнан анықталды
09:31, 23 Тамыз 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 730 адам шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 730 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 1093 адам емделіп шықты», -делінген ақпаратта.