Жандарбек Бекшиннің айтуынша, бүгінде «алматылық штамға» қатысты ресми ақпарат жоқ.
«Британдық және Оңтүстік Африка штамына қатысты зертханалардан ресми жауап алдық. Ал «алматылық штамға» қатысты ресми мәлімет жоқ. Әрине, БАҚ-та әртүрлі нәрсе жазылады. Оны тексеріп алу қажет, қолда ресми мәлімет болуы керек қой. Біз ресми орган ретінде тек ресми мәліметке сүйене аламыз», - деді Жандарбек Бекшин.
Айта кетейік, ғалымдар Қазақстанда COVID-19-дың «алматылық штамы» пайда болуы мүмкін екенін айтқан болатын.
Хабар 24 телеарнасының мәліметінше, коронавирустың жаңа штамы Алматыға ғана тән болуы мүмкін.