«Қазақстанда коронавирустың омикрон ХВВ штамы анықталды» - ақпарат жалған

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон ХВВ штамы анықталғаны туралы ақпарат WhatsApp-та кеңінен тарап жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осыған қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.


Ведомство мәліметінше, бұл – жалған ақпарат.

«Алынған штамдарды секвенирлеудің соңғы нәтижесі елімізде омикрон нұсқасы таралғанын 100 пайызға көрсетті. Қазақстанда омикрон ХВВ нұсқасы анықталған жоқ», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ ҚР ДСМ мәліметінше, тәулігіне ел бойынша ПТР-тестілеудің 200-ге жуығы оң нәтиже, шамамен 10-ы теріс нәтиже көрсетеді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңірлер және жалпы республика «жасыл» аймақта орналасқан.

Соңғы аптада оның алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 4% төмендеді.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, XBB – омикрон нұсқаларының бірі. 2022 жылдың қазан айынан бастап ол әлемнің 38 елінде анықталды, науқастардың ең көп саны АҚШ-та тіркелген.
Қазіргі уақытта аурудың клиникалық ауырлығы мен ХВВ нұсқасының эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша зертханалық зерттеулер жалғасуда», - делінген stopfake.kz сайтында.


Соңғы жаңалықтар